Search
  • админ

«Ғылым және Білім - 2019» атты республикалық конференция

Нұр-Сұлтан қаласындағы

ҚР Министрліктер үйінде «Ғылым және Білім - 2019» атты республикалық конференция барысында «Қазақстанның құрметті ұстазы» және «Үздік педагог-2019» атты байқаудың марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың басты мақсаты білім саласының озат мамандарын анықтау, мұғалімдердің мәртебесі мен беделін арттыру.

Рәсімге қатысқан «Қапшағай көпсалалық колледжі» МКҚК-ның дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Әбсаттаров Жұмабек Асанұлы және физика, математика пәндерінің оқытушысы Бодаш Еркінай Мырзашқызы «Қазақстанның құрметті ұстазы» атты арнайы төсбелгімен және дипломмен марапатталды.






0 views